Қазақстан өркендеуші елдер индексінде 72-орынға көтерілді

Қазақстан жылдам өркендеуші елдердің 2017 жылғы рейтингісіндегі нәтижесін жоғарлатты, деп хабарлайды Prosperity

Британияның Legatum Institute сарапшылары жыл сайынғы Prosperity Index рейтингін жариялады. Ол әлемдегі ең жылдам өркендеуші 149 елдің арасында жүргізіледі.
Prosperity Index рейтингісіне қарағанда, Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда 11 позиция бойынша  82-орыннан 72-орынға жоғарлаған.

Сарапшылар 149 елдегі қауіпсіздік, жеке еркіндік, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктері, экономика, әлеуметтік әл-ауқат және басқару критерийлері бойынша жағдайға негізделеді.

Қазақстанда биыл білім беру (35-орын), экономика (46), іскерлік орта (53) салалары қарқынмен дамыған.

Айта кетейік, осы даму индексінде Орталық Азия елдері арасында Қазақстаннан кейінгі орындарда Қырғызстан (82-орын), Тәжікстан (102) келеді.

 

 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 желтоксан 2017 г. 556 0