«Қармақшы таңы» газетінің редакциясы жаңа қонысқа көшті

Қармақшы ауданындағы «Қармақшы таңы» газетінің шыға бастағанына биыл 85 жыл толып отыр. Бүгінде өзіндік бет-бейнесі, жақсы дәстүрлері қалыптасқан беделді басылымның редакциясы жаңа қонысқа көшті.

 Ғимараттың ашылу салтанатында аудан әкімі Сұлтан Мақашов, «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев және ардагер журналист Рашит Жарылқасынов сөз алып, басылымның 85 жылдығымен құттықтады. Шара аудандық Жыраулар үйінде «Баянды биік белестер» тақырыбындағы салтанатты жиынға жалғасты.

Айта кетейік, «Қармақшы таңы» газеті соңғы жылдары «Сыр медиа» ЖШС қосылуы - газет өміріндегі елеулі жа­ңа­лық болды. Екінші тынысы  ашыл­ғандай болып, мүмкіндік­тері  мо­­лая түсті. Газет форматы өзгеріп, кө­лемі ұлғайды. Бұл аудан өмірінің түр­лі жаңалықтарын кеңі­рек қамтуға жақ­сы жағдай жасады. Аймақтағы әріп­тес­те­рімен  байланысы  жаңа дең­гейге көтеріл­ді. Ре­дак­цияның материалдық-техни­калық жарақ­тан­дырылуы заманауи сипат алды.

 


 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қараша 2017 г. 1 057 0