Құрметті қызылордалықтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ширек ғасырдан бері тәуелсіз Қазақстанның символы, еліміздің егемендігінің кепілі болып келеді.
Ұлт Көшбасшысының сарабдал саясаты – республикамыздың қарқынды дамуы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуының кепілі.
Мемлекетіміздің әлем мойындаған жетістіктері – Тұңғыш Президенттің қажырлы еңбегі мен көреген саясатының нәтижесі.
Биыл еліміз үшін айтулы жыл. Қазақстан «ЭКСПО-2017: болашақтың энергиясы» халықаралық көрмесін өткізіп, әлемдік қауымдастықтың назарын өзіне аударды.
Біз қазір Қазақстан жаһанға тұрақты әрі қарқынды дамушы мемлекет ретінде танымал екенін мақтанышпен айта аламыз.
Құрметті жерлестер!
Мемлекет басшысының үздіксіз қолдауының нәтижесінде Қызылорда облысы қарқынды дамуда.
Аймақ күрішшілері облыс тарихында алғаш рет жарты миллион тоннадан аса күріш жинады, өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамуда, көптеген әлеуметтік объектілер мен қатар баспана салынуда, инженерлік инфрақұрылымдар жаңаруда.
Осы айтулы күнде Сіздерге зор денсаулық, қызметте табыс, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін.
Елімізде татулық пен тыныштық салтанат құрсын. Елбасы, Ұлт көшбасшысы бастаған тәуелсіз Қазақстан қарыштап дамып, көркейе берсін.
Ізгі ниетпен,
Қызылорда облысының әкімі Қ.КӨШЕРБАЕВ.