ЖАҢА БАҒЫТТАР ЖОЛЫНДА

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Минскіге ресми сапары аясында Беларусь президенті Александр Лукашенкомен шағын құрамдағы келіссөздер өткізді.
Кездесу барысында Елбасы беларус әріптесіне шақыруы үшін ризашылығын білдірді және бұл сапардың екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауының 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғандығын баса айтты. «Осы жылдардың ішінде біз сізбен бірге достық пен ықтымақтастықтың қуатты экономикалық, саяси базасын қалыптастырдық. Қиын жағдайда сіз, Александр Григорьевич, еліңіз үшін көп іс тындырдыңыз. Беларусь дамыған нағыз еуропалық елге айналды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы бүгінде беларус тауары әлемдік нарыққа жол тартып, ауыл шаруашылығының жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп отырғандығын баса айтты.
Өз кезегінде Беларусь Президенті Қазақстанның жетістіктеріне бүкіл беларус халқы қуанып отыратындығын атап өтті және екі елдің арасында құлдырап кеткен экономикалық байланыстардың қайта жандана бастағандығын атап айтты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қараша 2017 г. 440 0