Элизабет ізбасарларының өнерін тамашалады

«Мұз айдыны» спорт кешенінде 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне орайоблыстың жас мәнерлеп сырғанаушылары өнер көрсетті. 

Жақында ғана Алматы қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен  халықаралық жарыста облыстың құрама командасы табысқа жетіп,жүлделермен оралған болатын. Олардың қатарында жарыс жеңімпаздары Манас Бекташов пен Диана Жармұхамедова еркін бағдарламада сынға түскен болатын.

Сондай-ақ, жерлесіміз, қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева да өзінің ізбасарларының өнерін тамашалап, оларға қолтаңба берді.

Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов Элизабетке халықаралық ареналардағы  жоғарғы жетістіктері және алдағы жарыстарға ынталандыру үшін күріштен дайындалған портретін  табыс етті.





 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қараша 2017 г. 650 0