Ауылдағы бизнесті дамытуға басымдық беріледі

Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін арнайы жол картасы әзірленді. Мақсат – жаңа жұмыс орындарын ашып, салық базасын кеңейту. Бұл ретте ауылдағы шағын бизнеске басымдық беріледі. Сондықтан ауыл әкімдері кәсіпкерліктің қыр-сырын жетік меңгеруге кірісті. Олар облыстық кәсіпкерлер үйінде бизнес өкілдеріне көрсетілетін түрлі қызметтермен танысып, қаржы институттарының өкілдерімен кездесті.
Бүгінде «Бастау-бизнес», «Бизнес-кеңесші» бағыттары бойынша азаматтардың тегін оқуына мүмкіндік мол. Кепілсіз несие алуға да болады. Ауылда кәсіп ашу үшін типтік бизнес-жоспарлар да әзірленген. Сондықтан әрбір ауыл әкімі іс бастауға ниетті азаматтарды осы жеңілдіктермен таныстырып, әрі қарай сүйемелдей білуге дайын болуы шарт.
Ғалымбек Жақсылықов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:  - Осы ақпаратқа қолжетімділік дейміз, мысалы, кейбір ауылдық округтерде ғаламтор желісі де жоқ. Сондықтан ақпаратқа қолжетімділік болу үшін осы жерде енді ауыл әкімдері арқылы халыққа, тұрғындарға қазіргі кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламаны түсіндіру және сүймелдеуге түсіндірме жұмыстары жасалып жатыр.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қараша 2017 г. 512 0