Нұрсұлтан Назарбаевтың таңдаулы цитаталары

Baq.kz ақпарат агенттігі Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ халқының қоғамдық-саяси өмірі, экономика және мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрдің маңыздылығы туралы таңдаулы пікірлерін ұсынады.

Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ.

***

Елі мұратқа жетпей тұрып, ері мұратқа жетуші ме еді? Сондықтан елдіктің қамын ең алдымен ойламай болмайды.

***

Егер біз мемлекет болып тұрғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халықтың руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн.

***

Отандастарымнан бөлек уайымым да жоқ, олардан бөлек қайғым да жоқ. Нені де болса елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін.

***

Адамға құдай өмірді бір-ақ рет береді. Оны Шымкентте сүру керек.

***

Жер жақындығы тағдырың мен тарихыңды жақындастырмай қоймайды.

***

Ауыл — қазақтың алтын бесігі.

***

Көптеген елдерді араладым. Табиғаты ғажайып талай өлкенің сұлулығына көз құмарымды суардым. Бірақ бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен...

***

Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын.

***

Бабаларын қалтқысыз қастерлей білген халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақ.

***

Халықтың сенімін ақтаудан артық абырой жоқ, болуы да мүмкін емес.

***

Қазақты Құдай шыдамынан ажырат­пасын.

***

Еліміздің басты байлығы, ең қастерлі қазынасы жердің астында да емес, үстінде де емес — адамдарымыздың жүрегінде.

***

Тәуелсіздік — тарихтың мәңгіге бөліп берген еншісі емес, халықтардың мамыра­жай өмір сүруіне берілген кепілдік те емес: аңғал болмағанымыз абзал.

***

Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біз­дің ата-бабаларымыздың санғасыр­лық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабалары­мыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.

***

Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік. Бар байлығымызды өзімізге бұйыра­тын еттік. Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік. Қысқасы, егемен ел болудың ең ауыр белесінен өттік.

***

Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жол­мен келді. Бұл — азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі. Бұл — бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің қайтарымы.

***

Қандастарымызға қаратып айтар жайдың тағы бірі — тарихи Отанына оралған ағайын, ең алдымен, «Қазақ­станым маған не береді?» деп емес, «Мен Қазақстаныма не беремін?» деп ой­ланғаны да дұрыс болар еді.

***

Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі — қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.

***

Бойында қаны бар, намысы бар әрбір азамат: «Енді тәуелсіздікті қалай кемелдендіреміз, елдің көсегесін қайтсек көгертеміз?!» деп ой-санасын қамшы­лауы керек.

***

Халық кешпейтін бір-ақ нәрсе бар: елдің қолына зарықтырып келіп қонған бақыт құсынан — Тәуелсіздіктен айырылуды кешпейді.

***

Мәселе — қай топтың жеңетіндігінде немесе билік басына кімнің келетіндігінде емес, мәселе — тәуелсіздіктің тағ­дырында.

***

Соғыс ең басты құндылықты — адамның өмірін үзеді. Ал өмірден артық ештеңе жоқ.

***

Шығыстың саяси мүдделері көбіне-көп дәстүршіл топтардың қолдауына арқа сүйейді.

***

Саяси элита жалпыұлттық мүдделерді білдіру, оны барынша дәл сәулелендіру, сөйтіп халықтың өзін-өзі танып, бағалау дәрежесін көтеру қабілетімен емес, сол мүдделерді жүзеге асырудың жолын табу қабілетімен де дараланып тұруға тиіс.

***

Экономикада ертеңгі істі бүгін атқарып тастауға болар, бірақ саясатта ертеңгі істің ертең атқарылғаны жөн.

***

Ұлттық идеяны ұлттық астамшылық идеясына айналдыру ешбір этносқа да опа берген емес.

***

Көпұлттылық — қоғамның кемшілігі емес, артықшылығы.

***

Адам баласы қай жерде жүрсе де өмір­ге шыр етіп түсіп, ана әлдиін естіген­нен бастап, өзін — қазақпын, орыспын, украинмын, өзбекпін деп сезінеді. Адам бойындағы бұл сезімді қандай аса зор идеологиялық қарумен атқыласаң да, шапқыласаң да құртып жібере алмайсың.

***

Бүкіл кеңестік тарих қолында халық­тардың құқын таптау мен тікелей геноцид қаны бар.

***

Біз тұрмыстағы ұлтшылдықты, чиновниктiк мейірімсіздікті, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ойланбай жарияланған мақалаларды назардан тыс қалдырмауға тиіспіз. Бұл жеке-жеке оқиғалар болып көрінер, бірақ ол ауыр зардаптарға да әкеліп соғуы мүмкін.

***

Ұлт мәселесін шешудің әмбебап әдістері болмайды.

***

Өз қатеңді өзің түсініп, өзің түзете біл: саясатшы даналығы дегеніміз — осы.

***

Уақыттың бір қасиеті — сенбесті иландырады, көнбесті ырқына алады.

***

Кейде бүгінгі мүмкіндіктердің ертең қатерге айналуы немесе керісінше болып шығуы да әбден мүмкін.

***

Идеялық бағдарламалар догмаларға емес, өмір шындығына негізделгені маңызды.

***

Дүние жаһандық, өзара тәуелділік сипат алды: жаһандық әріптестік үстемдік ету үшін бұл таным біздің берік принципі­мізге айналуы тиіс.

***

Әлсіздің өзіне одақтас болатын күштіні таңдамайтыны ақиқат, ал өзінен күштіге бағынуға мәжбүр болатынын аңдамай­тыны өкінішті.

***

Байсалды саясаткер «Іс-әрекетім баспасөз бетінде нашар баға алып қалуы мүмкін-ау» деген қауіп-қатерден қорықпауға тиіс.

***

Ең басты міндет — қайталап айтамын, халықтың рухын көтеру. Өзіне деген сенімін арттыру.

***

Зиялылар бірлігі — ел бірлігі.

***

Ұлылар қашанда халықты рухани асылдандырып отырған.

***

Нағыз отаншылдықтың басты өлшемі де біздің зиялыларымыздың адалдығы мен әділдігінде, елі мен халқының алдындағы парызын терең түсінуінде.

***

Зиялылардың саясаткерлер қолын­дағы ойыншыққа айналуға хақысы жоқ. Зиялылар саясаткерлерге қарағанда анағұрлым арғы келешекті болжауы керек.

***

Тұрақтылық саяси мәселелерді шешу­дің күшке негізделмеген тәсілдеріне сүйенгенде ғана сақталмақ.

***

Саясаттың негізгі мақсаты — адам қамы, қоғам қамы, ел қамы.

***

Қауесет деген қара күйе сияқты: күйдірмейді, күйелейді.

***

Теңізде дауыл тұрғанда, түбіндегі қоқыстың бәрі судың бетіне шыға келеді.

***

Ақыл табылмай тұрып, ештеңе де табылмайды.

***

Терроризммен күреске елігіп, елдер мен халықтарды «тас ғасырына» қуып тығу арқылы біз «терроризм» ұғымын келмеске кетірудің орнына, тек қана жандандыратын боламыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қараша 2017 г. 627 0