АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРДЫҢ БАҒАЛАРЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ

Облыстық ауыл шаруашылығы бас­қар­масы тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағаларына күнделікті бақылау жасалып, баға өсімін болдырмау мақсатында қажеттілікке қарай шаралар қабылдануда.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында облыста тұрақтандыру қоры және сауда субъектілерге әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы пайызсыз заем беру арқылы тауарлық интервенциялар жүргізу, әлеуметтік дүкендер арқылы және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде азық-түліктерді төмен бағада сату шаралары жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда, өңірлік тұрақтандыру қорында жалпы құны 275,8 млн теңгенің 2886,4 тонна өнім көлемі бар. Оның ішінде, 1 сортты ұн – 1226,2 тонна, бас пияз – 209,8 тонна, картоп – 996,0 тонна, сәбіз – 107,9 тонна, қырыққабат – 50,1 тонна, макарон – 11,6 тонна, өсімдік майы – 7,9 тонна, қарақұмық жармасы – 64,1 тонна, сиыр еті – 20 тонна, тауық еті – 8,9 тонна, күріш – 0,1 тонна, қант – 182,1 тонна, шай – 1,7 тонна. Аталған өнімдер 14 әлеуметтік дүкен мен аудандарда ашылған 6 әлеуметтік дүкен арқылы жұртшылыққа ұсынылуда. 

Қазіргі таңда тұрақтандыру қорындағы өнімдерді өткізетін әлеуметтік дүкендер санын көбейту жоспарлануда. «Шанхай», «Арай-2» шағын аудандарында екі дүкен ашылса, алдағы уақытта «Саяхат» шағын ауданы А.Айдосов көшесінен, «Наурыз» шағын ауданы Б.Жөнбаев көшесінен, Әл-Фараби көшесі № 261 мектеп жанынан салу жоспарланып отыр.

Өңірлік тұрақтандыру қорының маман­дандырылған ұйымының әріптесі «Мирас» сауда үйі арқылы 2017 жылға 8607 тонна тауарлық интервенциялар жүргізу белгіленген болса, бүгінгі күнге дейін 5693 тонна өнім жеткізіліп, нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сату ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өз өнімдерін делдалсыз тікелей тұрғындарға сатуына жағдай жасау мақсатында 7 әлеуметтік дүкен шаруашылықтарға берілді. «Универсам» шағын ауданындағы дүкен сиыр етін сатуға «Сыр маржаны» шаруа қожалығына, ескі базардағы дүкен тауық, жұмыртқа өнімдерін өндіруші «Мөлдір и К» ШҚ-ға, Төле би (ГОВД жанындағы) көшесіндегі дүкен балық өнімдерін сатуға «Тоған» шаруа қожалығына берілсе, Жібек жолы көшесі бойындағы дүкен «Жирен» шаруа қожалығына ет өнімдерін сатуға, «Мерей» шағын ауданындағы дүкен «Green House Company Kzo» шаруа қожалығына ет, күріш және бақша өнімдерін сатуға, Титов қыстағындағы және Торайғыров көшесіндегі дүкендер «Акмар и К» ЖШС-на ет және сүт өнімдерін сатуға берілді.

Нақты кезеңде тұрақтандыру қорының 3250 тонналық көкөніс сақтайтын қоймасы жұмыс жасап тұр. Бұған қоса тұрақтандыру қорының көкөніс-жеміс өнімдерін жыл бойы қалыпты температурада сақтайтын тоңазытқыш қондырғылармен жабдықталған сыйымдылығы 2500 тонналық сақтау қоймасы салынуда.

Сонымен бірге, тұрғындарға төмен бағамен азық-түлік өнімдерін сатуды ұйымдастыру мақсатында облыс әкімі бекіткен кестеге сәйкес облыс және аудан орталықтарында жәрмеңкелер өткізіліп, осы уақытқа дейін 81 жәрмеңке өткізіліп, 770,5 млн теңгенің 5086,2 тонна өнім сатылды. Жыл аяғына дейін апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілетін болады.

Қызылорда облысының

ауыл шаруашылығы басқармасы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қараша 2017 г. 516 0