« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылордада «Аналар аллеясы» ашылып, қазақ аналарының құрметіне ескерткіш қойылды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
Тас тұғырға қонған ана мен баланың мүсіні қаланың Бегім ана көшесі бойында орын тепкен. Оны кәсіпкер Мұрат Сәрсенбаев өзі бастама көтеріп, өзі салдырған. Аймақ басшысы игі істің халықтың рухани дамуы мен ұлағатты ұрпақ тәрбиелеудегі маңызын ерекше атап өтті.
– Аналарды қадірлесек, құрметтесек, сол кісілердің алдында парызымызды орындасақ, ананың ақ сүтін ақтай білсек, бізден артық бақытты халық болуы мүмкін емес. Біз әйел-аналардың жағдайын жасап, әлеуметтік мәселелерін шешуге әркез атсалыса береміз. Анадан артық қасиетті ұғым жоқ. Сондықтан жанашыр, тілекшілерімізді ренжітпейік, олардың сағын сындырмайық, – дей келе, облыс әкімі Қ.Көшербаев жиналған жұртты қуанышты сәтпен құттықтады.
Жазушы, композитор, өнер зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ілия Жақанов пен ұстаз, ақын Сәнімкүл Желдербаева шараның қадірлі қонағы болды. Ақын С.Желдербаева қайсар мінезді қазақ әйелдері туралы өлеңін оқыса, жергілікті әжелер ансамблі мен жас өнерпаздар салтанатты жиынды әнмен әрледі.
Қадірлі қонақтар одан кейін жаңадан ашылған ескерткішге гүл шоқтарын қойып, тағзым жасады.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |