Гүлбану Әзімхан - Head to Head Challenge тобында жеңімпаз

Қытайдағы «Әлем аруы 2017» байқауына қазақстандық Гүлбану Әзімханова Head to Head Challenge тобында жеңіске жетті. Бұл туралы «Қазақстан аруы» байқауының Инстаграмдағы парақшасында хабарланды. 
«Әлем аруы 2017» байқауының басты жүлдесін үндістандық ару Manushi Chhillar иемденді. Біздің Гүлбану Әзімханова Қазақстан ТОП-40 арудың қатарына енді және өзінің Head to Head Challenge тобында жеңімпаз атанды», - делінген жазбада. Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Қазақстан аруы 2017» атанған Гүлбану Әзімханова қазан айының соңында әлемдік сән додасына қатысу үшін Қытайдың Санья қаласына аттанды. Байқау кезеңдерінің бірінде «Қазақстан аруы» Арал теңізінің мәселелері мен оны шешу жолдары туралы экологиялық жобаны таныстырады.  
Биыл «Әлем аруының» ұйымдастырушылары форматты аздап өзгертуді ұйғарған. Байқау Head-to-Head Challenge үлгісінде өткізіледі. Ұйымдастырушылардың пікірінше, әлеуметтік желілер мен интербелсенділікке баса назар аударылады. Финалға тек 40 қатысушы ғана өтеді, олар әртүрлі іс-шаралар мен дауыс беру нәтижелері бойынша анықталады.    
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қараша 2017 г. 725 0