АҚШ президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Ақ үйге шақырды

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етеді. Осы уақытта мен Вашингтонға барамын. Бұл туралы Астана клубының үшінші отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы өзін АҚШ президенті Ақ үйге шақырғанын айтты.
«Жақында телефон арқылы сөйлескен кезде президент Дональд Трамп мені Ақ үйге шақырды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етеді. Соған байланысты мен сол жақта боламын. Сол уақытта мен Вашингтонға барамын. Оған біз келістік», - деді Қазақстан Президенті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2017 г. 488 0