« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдау керектігін атап өтеді. Бұл «Азамат» деген атқа лайық ғұмыр кешіп, мына өмірде жұртқа жақсылық жасауға ұмтылып тұратын жандар жайлы көпшілік білсін, көрсін деген ойдан туындаса керек. Ондай адамдар жұртқа жасаған жақсылығын пәлсініп, ешкімге айтып та жатпайды. Қайта керісінше, әр ісін игілікпен сабақтайды. Жомарт жүректі жанның бірі – «Олжас» ЖШС директоры Жұматов Талғат Тасболатұлы.
Әңгіме арқауына айналып отырған азамат 1971 жылдың 17 желтоқсанында Шиелі ауданының Телікөл елді мекенінде өмірге келген. Ол 1979-1989 жылдары осы ауылдағы № 214 «Ворошилов» атындағы қазақ орта мектебінде оқыған. Мектеп бітірген соң туған ауылындағы фермада аға шопанның көмекшісі болып жұмыс жасайды. Ал, 1990-1995 жылдары Жамбыл гидромелиорацияның құрылыс институтын бітірді.
Талғат Тасболатұлы 1997 жылдан бастап «Олжас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ашып, кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Ол басқаратын серіктестік бүгінде облысты жанар-жағармайдың барлық түрімен қамтамасыз етіп, халыққа қызмет көрсетуде. Талғат өзі басқарып отырған ұжымдағы қызметкерлердің еңбекақы төлеу мәселесіне және әлеуметтік жағдайларына жіті мән береді. Осы ретте оның бизнестің әлеуметтік жауапкершілік көрсететін іс-шараларға белсенді араласатынын айрықша айтып өткен жөн. Жыл сайын жетімдерге, тұрмысы төмен отбасыларға көмегін көрсетуден аянған емес. Шиелі ауданындағы Телікөл ауылының жолын жөндеп берді. Бір кездері өзі оқыған №214 мектеп ауласына спорт алаңын салды.
Т.Жұматов кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз етудегі еңбектері үшін «Қыран» аймақтық тұтынушылар лигасының «Халық таңдауы» номинациясы бойынша «Алтын Қыран» сертификаты мен дипломдарын иеленген. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «Қызылорда қаласының 190 жылдығы», «Шиелі ауданының 80 жылдығы» медальдарымен және облыс, қала әкімдерінің грамоталарымен марапатталған.
Халық даналығында «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген тәмсіл бар. Әсілі, осы бір нақыл Талғат Жұматов сияқты кең пейілді, үлкен жүректі, қолы ашық азаматтарға арналған сияқты. Ол Қызылорда қаласындағы 2006 жылы салынған Бұхарбай батыр көшесінің №58 тұрғын үйдің шатырын өз есебінен күрделі жөндеуден өткізді. Жыл сайын «Мектепке жол» акциясына белсене қатысып, №235 мектептің 30 оқушысына мектеп киімдері мен құрал-жабдықтарын алуға қаржылай көмек беріп келеді. «Ұшқын» Қызылорда мүгедектерінің оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысы қалыпқа түсуіне септігін тигізді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жиһаз цехын ашуына, билборд жасайтын аппарат алуына, компьютерлік столдарға қол жеткізуіне каржылай көмек көрсетті. Мұндай игілікті шаралардың қатарына қалалық ардагерлер ұйымына, «Ақбөкен» қоғамдық қорына, қалалық мүгедектер қоғамына көрсетіліп жатқан қаржылай көмектерді қосуға болады. Ал, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көңіл бөлуді ұмытқан емес. Бұдан да басқа жекелей көмек сұрап келген адамдарға да жәрдем беруден аянып қалмайды. Өмірлік қағидасын адалдықпен байланыстыратын Талғат жүрген ортасында сыйлы. Мақтаулы адамдарға «Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек» дейтін болсақ, сол азамат осы Талғаттай-ақ болсын» дегенді жұрттан талай естідік. Себебі, ол жұртқа жақсылық жасағанның болашағы да, жүзі де жарқын болатынын біледі.
А.ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |