« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазір әр өңірде үкіметтік емес ұйым өкілдері белсенді қызмет атқарады. Олардың жұмысын одан әрі жетілдіру мақсатында бірқатар шара қолға алынған. Мемлекет те үкіметтік емес сектордың ұйымдастыру-құқықтық қызметін қамтамасыз ету, әдістемелік көмек көрсету секілді бағыттарын қолдаумен қатар, аймақтардағы азаматтық бастамаларды дамытуға үлкен мән беруде. Екіжақты байланыс беки түскен. Жуырда ҮЕҰ жетекшілерінің мемлекеттік орган басшыларымен өткен кезекті кездесуі – соның бір дәлелі. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаевтың төрағалығымен болған жиында ауқымды мәселелер талқыланды. ҮЕҰ-ның ашықтығын және қоғам алдындағы қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін арнайы деректер базасы құрылғаны айтылды.
Қолда бар мәліметке сүйенсек, облыста 1016 ҮЕҰ тіркелген екен. Өздеріңізге белгілі, Біріккен Ұлттар Ұйымының берген анықтамасына сай, ҮЕҰ маңызды екі міндетті атқарады. Алғашқысы – қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге жәрдемдесу болса, келесісі – мәселе шешудегі азаматтардың белсенділігін арттыру. Бұл орайда облыстағы “үшінші сектордың” бірқатары жүйелі жұмысты жолға қойған. Мәселен, “Самұрық” инновациялық идеяларды дамыту орталығы” ҚҚ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында “Дағдарыс” орталығын іске қосқан. Бүгінде ол қылмыстық қысым көрген тұрғындарға көмек қолын созып келеді. Ал “Ұшқын” мүгедектердің құқығын қорғау және жәрдем беру” ҚБ қамкөңіл жандардың бос уақытын тиімді өткізуге ұйытқы болып отыр. “Азаматтық Альянс” қауымдастығы мен “Игілік” корпоративтік қорының қолдауымен ашылған “Қарлығаш” шеберлер орталығы дәстүрді жаңғыртып, атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық шеберлерді дайындауға атсалысуда. Мұнан өзге ұйымдар да осындай игі істердің басы-қасында жүр. Осылайша, мемлекет пен ҮЕҰ ынтымақтастығы жүйелі сипатқа ие болып, өзінің тиімділігін көрсетті.
Жоғарыда атап өткеніміздей, ҮЕҰ қызметі саласындағы өзгерістер аясында дерекқор жасақталған. Осыған байланысты 2016 жылдан бастап қазақстандық ҮЕҰ, сондай-ақ, халықаралық және шетелдік ҮЕҰ филиалдары мен өкілдері ҚР “Коммерциялық емес ұйымдар туралы” Заңына сәйкес, 31 наурызға дейін уәкілетті органға өзінің қызметі туралы мәлімет жіберуі тиіс. “100 нақты қадам” Ұлт жоспары шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарға бірінші рет гранттар да беріле бастаған. Мамандар оны қаржыландырудың жаңа көзі болып табылатынын жеткізуде.
М.СНАДИНҚЫЗЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |