КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

  Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Досжанов пен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Қамар Бекетова БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Онда жылдың тоғыз айында атқарылған шаралардың жайы баяндалды.

Елімізде ең көп көңіл бөлінетін бағыттың бірі кәсіпкерлік екені белгілі. Өз ісін бастаймын деушілерге мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек аз емес. Бүгінде тұрақты бизнестерге қолдау көрсету үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаны орындау үшін 779,6 млн теңге қаралып, 539,6 млн теңгесі несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға, 130 млн теңгесі ішінара кепілдендіруге бағытталған.

Аудандар бойынша кәсіп ашуға ниетті жандар қатары жыл сайын артып келеді. Мысалы, былтыр бағдарлама шеңберінде субсидияланған 82 жобаның аудандармен 41 пайызы ғана ұсынылса, биыл бұл көрсеткіш 54 пайызға жетіп отыр. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметін пайдаланушылар саны да артқан. Соның ішінде Қазалы, Арал, Жаңақорғаннан орталықтың қызметіне жүгінушілер көп. Еліміз бойынша алғаш болып кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы біздің облыста ашылғаны белгілі. Бүгінде осы бастаманы өз өңірлерінде жүзеге асыру үшін Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау, Атырау облыстарынан делегаттар тәжірибе алмасуға келді.

          

М.ҚҰРМАНӘЛІ.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қараша 2017 г. 483 0