Бақытжан Сағынтаев Ташкентте ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты.
Шара қарсаңында, 2 қараша күні кешке, Бақытжан Сағынтаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы, энергетика салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Шағын құрамдағы отырыс аясында экономикалық өзара іс-қимыл мен ТМД-ға қатысушы елдердің сауда-экономикалық қарым-қатынасын нығайтуға жағдайлар жасау бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, сауда кедергілерін одан әрі азайту мен сауда мен кооперация әлеуетін ашуға қатысты шаралар қаралды.
Кеңейтілген құрамда өткен отырыста үкіметтік делегациялардың басшылары ТМД еркін сауда аймағы туралы келісімшарттың іске асырылу барысын, мұнай-газ машинасын жасау, жерді мелиорациялау, тауарлардың кедендік құнына бақылау орнату, халықаралық картелдерге өзара тиімді іс-қимыл шараларын дамыту және т. б. мәселелерді қарады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар құжаттар талқыланды. Бұдан өзге, ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысын 2018 жылдың көктемінде Тәжікстан Республикасында өткізу туралы шешім қабылданды.