Мемлекет басшысы әскери қызметті өткеру ережелеріне өзгеріс енгізді

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекітуге қатысты жарлыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қаулы шығарды.
Енгізілген өзгерістердің толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қараша 2017 г. 530 0