"ҚОРҚЫТ.ҚОБЫЗ" ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов мәлімдеді.
"Қорқыт. Қобыз" тілге тиек ететін жоба. 56 мәдениет үйі мен 115 клуб жанынан арнайы қобыз үйірмелері ашылады. Басты мақсат – Сыр бойында қобыз аспабында ойнай алмайтын қобызшы болмауы тиіс. Осы ұстаным негізінде жұмыстар үйлестіріледі" – деді.
Сонымен қатар, "Рухани жаңғыру" жобасы бойынша өңірімізде ауыз толтырып айтарлық жұмыстар атқарылуда. Соның бірі "Өлкетану" пилоттық жобасымен біздің облыс арнайы оқулық дайындап, ол өзге аймақтарға үлгі ретінде көрсетілуде.
– Мұндай бастама Қызылордадан басқа бірде-бір өңірде жоқ. Алдағы уақытта, осы бағытты өрістетеміз. Сондай-ақ, "Рухани жаңғырудың" үлкен тармағы ол – "Туған жер" бағдарламасы. Мақсаты - сыртта жүрген жерлес азаматтарды, кәсіпкерлерді тартып, елге жақсылық жасауға үндеу", – деді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлы.
Атап өтуіміз керек, осы уақытқа дейін "Рухани жаңғыру" бойынша 82 жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы». Осыған орай, Елбасының да Жарлығы бекітілді. Енді латын графикасына кезең-кезеңімен көшу қамтамасыз етілмек.
Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде: "Латын әліпбиін 1 аптада үйренуге болады. Дегенмен, көрші республикалардың қателіктерін қайталамауымыз керек. Сондықтан, 7 жыл ішінде тыңғылықты жұмыс жасауға уақыт беріліп отыр", – деді.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қазан 2017 г. 525 0