| « Сәуір 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 | |||
Бір аптаға созылатын шахматшылар жарысына байланысты бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі брифинг ұйымдастырды.
Он екінші жылға жалғасқан республикалық турнир халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың есімін иеленген. Брифингте Д.Сәдуақасов жарыс шарттарына тоқталды.
– Онда 9, 13, 17 жасқа дейінгілер сынға түседі. Шахмат турнирі щвейцария жүйесі бойынша 9 турдан тұрады. Төрешілер әр жастағы топтан ұлдар мен қыздар арасынан жекелей есепте жеңімпаздарды анықтайды. Команда қатысушыларының жинаған жалпы ұпай санына қарай ең үздік команданы анықтайды, – деді ол.
Турнирді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен ұйымдастырып отыр. Ол 30 қазан-5 қараша аралығында Қызылорда қаласында өтеді. Турнирге елімізден бөлек, Қырғызстан мен Ресейден 160-тан астам спортшы қатысады. Сол қатардағы жерлестеріміз Әсел Серікбай мен Назерке Нұрғали брифингте БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев ақыл-ойды дамытып, зиялылыққа жетелейтін зерделі ойын биылғы оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасына енгізілгенін айтты.
– Мектеп жасындағы дарынды шахматшыларды айқындау және дайындау, жоғарғы деңгейде насихаттау мақсатында іріктелген мектептер пилоттық режимде жұмысты бастап кетті, – деді ол.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
| « Сәуір 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 | |||