БАТЫР ЕСІМІН ҰЛЫҚТАҒАН АЙТЫС

Есет батыр Көкіұлының 350 жылдық мерейтойына орай Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде «Ұрпағы ұлықтаған Ұлы баба» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

Аудандық "Жалағаш жаршысы" газеті жазғандай, айтысқа республиканың түкпір-түкпірінен есімі қалың көпшілікке танымал айтыскерлер қатысты. Дүбірлі додада айтыскерлер батыр бабамыздың ерлік жолын тілге тиек етіп, еліміздің саяси өмірі мен қоғамдық құбылыстарын, ұлттық идеямызды, салт-дәстүрімізді, тағылымы мол тарихымызды жырлады. Аламанға қатысушы ақындар қатарында Айбек Қалиев (Қостанай), Рүстем Қайыртаев (Семей), Дидар Қамиев (Қарағанды), Нұрмат Мансұров (Астана), Сезімхан Шұғайып (Алматы), Ахметжан Өзбеков (Жамбыл), Мейірбек Сұлтанхан  (Шиелі), Мұхтар Ниязов (Жалағаш), Сырым Әділбеков (Астана), Ержеңіс Әбдиевтер (Қызылорда) бар. Айтыстың жүргізушісі — ақын, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер Жүрсін Ерман. 

Аламан бәйгенің қорытындысы бойынша:
Бас бәйге — Айбек Қалиев
I орын — Ержеңіс Әбдиев
II орын — Рүстем Қайыртаев
III орын — Дидар Қамиев
Ахметжан Өзбеков
Арнайы шабыттандыру сыйлығы:
Нұрмат Мансұров
Сезімхан Шұғайып
Мейірбек Сұлтанхан
Сырым Әділбеков
Мұхтар Ниязов

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қазан 2017 г. 1 067 0