« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бүгін «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де болып, жыл басынан бері атқарылған жұмыспен танысты.
Коворкинг орталығында аймақ басшысының назарына бірқатар жоба ұсынылды. Олардың қатарында отбасы мәдениетін артыруға бағытталған «Ақ отау» инттелектуалды мектебі, IT мамандары арасында VR, AR технологияларын дамыту және насихаттауға арналған «Арман қала », «Жерұйық» рухани жаңғыру кешені, «Кибер-жұма», «Бизнес-старт» сияқты бастамалар бар. «Бизнес-старт» инновациялық жобасының авторы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жас ғалымдары. Университеттің есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Сәбит Ибадулла қазір 3D принтерде Сырдария өзенінің сол жағалауында салынатын шағын ауданның бас жоспары жасалып жатқанын жеткізді.
Одан кейін 9 айдағы іс-шаралар жөнінде орталық директоры Жасұлан Алдабергенов айтып берді. Биыл облыстық бюджеттен орталыққа 76 млн 334 мың теңге бөлінді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12 пайызға артық. Мұнда 40-тан астам адам еңбекпен қамтылған. Ғимарат бастан-аяқ жөнделіп, жастармен жұмыс істеу тәсілдерінің жаңа үлгісі қалыптасты.
– Ниет білдіргендер коворкинг, IT орталықтары, спорттық ойын алаңдары, спорттық секциялар мен психолог, заңгер қызметін тегін пайдалана алады. Ағылшын тілін үйреніп, компьютерлік сауаттылықты, бейнеоператорлық біліктілікті арттыруға да мүмкіндік бар. Орталықтың қызметіне күн сайын шамамен 50 шақты жас жүгінеді, – деді Ж.Алдабергенов.
Осыған дейін әртүрлі мәселемен келген 3 700-ден астам адамға кеңес берілсе, 9 бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 250-дей астам адам жұмысқа орналасты.
Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында білім алып жатқан жерлестерімізді жұмыспен қамту шаралары жөнінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев баяндады. Белгілі болғандай, келесі жылы бітіретін жастардың қамы үшін бүгінде жергілікті 11 кәсіпорын-мекемемен келісім жасалды. Осы орайда облыс әкімі Қ.Көшербаев Ресейде оқитын сырбойылық студенттердің қауымдастығын құру қажеттігін атап өтті.
Спорт алаңындағы кездесуде жастар аймақ басшысына өздеріне бағытталған қолдау мен қамқорлық үшін алғыс білдірді. Екі қолға бір күрек таппай, орталықтың көмегіне жүгінген Бақтияр Есіркепов «Бақ Береке-2030» ЖШС-не жұмысқа орналасқан. Қазір сонда бригадир. Жас құрылысшы қаланың дамуына үлес қосып жүргені үшін қуанышты. Ал жас кәсіпкер Асқар Жылқаев жылжымалы көлік жуу бекетін ашып, ісін дөңгелетіп отыр.
Ел болашағы осындай алғыр да білімді жастардың қолында екенін айтқан облыс әкімі Қ.Көшербаев: «Бір әулеттің емес, бүкіл қазақтың мақтан тұтар ұл-қыздары болыңдар», – деді.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |