МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНАЙЫҚ

Биыл  Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналу керектігін атап өтіп, осы саланы дамыту бағытында алдымызға нақты міндеттер қойған болатын.

Осыған байланысты, Елбасы тапсырмасын іске асыру барысында облыста бірқатар жұмыстар атқарылуда. Яғни, аграрлық саланы мемлекетіміздің тұрақты қолдауының арқасында, өңіріміздің ауыл шаруашылығы саласы жылдан жылға қарқынды дамып келеді.

Сондай қолдаудың бірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау болып табылады.

Ағымдағы жылы Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидасына сәйкес 161,1 млн теңге қаралып, шілде айынан бері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне субсидия төлене бастады. Бүгінгі күнге барлығы 325 шаруашылықтан 947 өтінім қабылданып, 92,4 млн теңгесі игерілді. Бұл өз кезегінде, бөлінген қаржының 57,3 пайызын құрылымдар өтінімдерді өте баяу тапсыруда екендігін білдіреді. Алайда, субсидиялау мерзімі тек қазан айының соңына дейін ғана болғандықтан, ауыл шаруашылығы басқармасына құжаттарды жеделдетіп тапсыруларыңыз қажет. Сондықтан, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға құжаттарды көрсетілген мерзім ішінде тапсырып, мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалануға шақырамыз.

Қосымша мәліметтерді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан алуға болады. Байланыс телефоны: 60-54-42, Электронды адрес: usx@korda.gov.kz

Ж.МҰСТАЯПОВ, 

облыстық ауыл шаруашылығы 

басқармасының егіншілік және 

өсімдік қорғау бөлімінің 

бас маманы. 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қазан 2017 г. 518 0