Қызылордада мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеде халыққа кеңес беру және әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ мемлекеттік қызмет насихатталды. Мәселен қала маңындағы Титов ықшам ауданының тұрғындары алысқа бармай-ақ  қажетті құжаттарын дайындауға мүмкіндік алды. 
Жалпы мамандар кеңесіне  жүзден астам тұрғын жүгінді. Балабақша кезегіне тұру, электронды үкімет порталын пайдалану, зейнетақы және жәрдемақы рәсімдеу, жеңілдікпен пәтер алу және жер теліміне қол жеткізу секілді мәселелер тұрғындар тарапынан жиі көтерілген. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент өкілдері  мұндай жәрмеңкені енді  жиірек өткізуді жоспарлап отыр.
Абзал Мұхимов, облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысы:  - Бұл бірінші рет өтіп жатқан шара, яғни халықтың сұранысына, талабына сәйкес тағы да қосымша ұйымдастырылатын болады. Яғни халықтың қолжетімді қызметтерін алу үшін тұтынушыларға ыңғайлы орындарда жиі тұрақты түрде ұйымдастыратын боламыз.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қазан 2017 г. 475 0