« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Қазконтент» АҚ басқармасының төрағасы Евгений Кочетов «Қазақстанның 100 жаңа есімін» таңдап алу бойынша 100esim.el.kz сайтында үміткерлерге қалай дауыс беруге болатынын түсіндірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Қазақстан үшін өте маңызды жоба бойынша дауыс беру сәрсенбінің сәтінде басталады. Тұңғыш рет бүкіл Қазақстан аумағы бойынша табысты адамның қандай болатынын дәлелдегендерді іріктеп алып жатырмыз. 302 үміткер бар. Олардың 100-ін біз сіздермен бірге ашық түрде интернет арқылы іріктейміз. Ыңғайлы болу үшін кандидаттарды 6-ға бөлдік. Мәдениет бойынша 32 адам, қоғам бойынша 83, бизнес бойынша 51 адам, медицина 46 адам, ғылым 47 адам, спорт бойынша 43 адам бар», - дейді ол.
Сонымен бірге, «Қазконтент» АҚ басқармасының төрағасы сайтта қалай дауыс беруге болатынын түсіндірді.
«100esim.el.kz сайты барлықтарыңыз үшін таныс. Дауыс беру сол сайтта жүргізіледі. Біріншіден, біз міндетті түрде авторизацияны іске қостық. Өйткені, кез келген үміткер бойынша жалған дауыстар келіп түспес үшін бұны міндетті түрде енгіздік. Бұл қауіпсіздік шараларының бірі. Демек, кез келген адам өзінің әлеуметтік желідегі аккаунты немесе электронды поштасының мекенжайы арқылы сайтқа тіркеле алады. Сайтқа кіргеннен кейін әрбір адам үш үміткерге дауыс беруіне болады», - дейді Евгений Кочетов.
Дауыс беру жүйесінің барлығы қарапайым. Сондай-ақ, дауыс беру үрдісі барысында кімге қанша дауыс берілгені күнделікті көрсетілмек. Фейсбукте, Вконтакте мен Инстаграмда да ол туралы күнделікті мәлімет жарияланып тұрады.
Баспасөз мәслихаты барысында Евгений Кочетов жобаның тағы бір артықшылығы туралы айтып берді.
«Жармана жасамас үшін есімін айтпай-ақ қояйын. Мәселен, Қарағанды облысындағы ауылдардың бірінде бір әйел аяқ киім тігеді екен. Жуықта ол әйел 100 жаңа есімге ұсынылғаннан кейін тапсырыс күрт ұлғайып, ақыры ол аяқ киім тігуге үлгере алмай қалған екен. Оның есімін ел танығаннан кейін Алматы мен Астанадан тапсырыстар жүздеп түсе бастапты. Бұл да жобаның бір артықшылығы. Сондықтан, бұл тізімге енген адамдардың барлығына көптеген мүмкіндіктер мен жолдар ашылары анық», - деп түйді Евгений Кочетов.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |