КӘСІПОРЫНДАР АЯСЫ КЕҢЕЙЕДІ

Келесі жылы аймақта молибден үш тотығын шығаратын кәсіпорын іске қосылады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында айтты.
– Өнім экспортының көлемі Жапонияның үлесінде болады. Алдағы жылдың шілде айында шыны зауытының алғашқы өнімін шығаруды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, құрылыс саласында ғана емес, мұнай-газ және уран өндіруде кеңінен қолданылатын томпонажды цемент шығаратын зауытты іске қосамыз, – деді аймақ басшысы.
Бұл кәсіпорындардың барлығының әлеуеті жоғары, жаңа технологияларға негізделген.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қазан 2017 г. 634 0