« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде Бозымбаев Мемлекет басшысына жанар-жағармай рыногындағы жағдай және мұнай өңдеу зауыттарын жаңарту жұмысының барысы туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев елде жанармай жетіспеуі Қазақстан Үкіметі мен Энергетика министрлігінің рынокты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету шараларын дер кезінде қабылдамауы нәтижесінде туғанын айтты. «Энергетика министрлігі елдің отын-энергетика кешені мәселелеріне жауапты. Оның ішінде ішкі рынокты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуге жауап береді. Бұл салада жетіспеушілік туындауы Үкімет пен Энергетика министрлігі салақтық пен жауапсыздыққа жол бергенін көрсетеді. Сіз сонау мамыр айында мұнай өңдеу зауыттарын жөндеу кестесін жасадыңыз. Яғни, олардың екеуі күзге қарай жұмысын тоқтатып, жөндеуге тұратынын білдіңіз. Жыл сайын осы жағдай қайталанады. Білген соң алдын ала дайындалып, тұрғындарды қамту үшін қажет жанар-жағармай көлемін жеткізу керек еді. Олай жасалынбады», - деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша министрлік қабылдаған шаралардың тиімділігі төмен болғанын айтты. «Сіздер мен және Үкімет қолдап жатқан жақсы бастамаларды енгізіп жатырсыздар. Отын тапшылығын болдырмау үшін бағаны мемлекеттік реттеуді алып тастау ұсынылды. Дегенмен нарықта тағы да жанар-жағармай жетіспеуде. Осыған байланысты, Үкіметтің ұсынысымен мен сізге сөгіс жарияладым. Бұл лауазымнан босатқанмен бірдей», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ Қанат Бозымбаев Қазақстан Президентіне Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстарының барысы туралы баяндады.
«Екі МӨЗ-ді жаңғырту биыл аяқталады. Қараша айында Павлодар зауытын іске қосу жоспарланып отыр. Атырау МӨЗ-ді 16 желтоқсанға дейін аяқтау көзделуде. Мұнда алғаш рет каталитикалық крекинг қондырғысы пайдаланылады, осы арқылы мұнай өнімдерінің көлемін ұлғайтып, сапасын жақсарту жоспарланып отыр», - деді энергетика министрі.
Қ.Бозымбаев Мемлекет басшысына Шымкент МӨЗ-де де жоғары октанды бензин шығаруға мүмкіндік беретін каталитикалық крекинг қондырғысын салу жоспарланып отырғанын айтты.
Энергетика министрі Нұрсұлтан Назарбаевты келесі жылы Қазақстан нарығы жоғары сапалы отынмен, соның ішінде авиациялық отынмен қамтамасыз етілетініне сендірді.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті ЖЖМ нарығын қамтамасыз ету жауапкершілігі туралы тағы бір мәрте еске салып, жанармай тапшылығына жол бермес үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |