« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ғұмыры, барша несібе – ырзығы теңізбен тікелей байланысты балықшы қауымның шалқыған айдынға деген ықылас – пейілін тілмен айтып жеткізу әсте мүмкін емес. Бұған ақиық ақынның ел арасында қанатты қағидаға айналған «Тағдырым ортақ теңізбен» деген бір ауыз сөзінен анық көзіңіз жетеді. Расында да Арал теңізі адамзаттың ортақ мәселесіне айналғаны да баршаға жақсы мәлім. Ал кәзіргі таңдағы аймақ көрінісі мұнан сәл уақыт бұрынғы Арал өңірінің азып – тозған кейпінен мүлде өзгеше. Ата кәсіп балық аулау шаруашылығының қайта жандануы мұндағы ағайынның тіршілігін танымастай түлетті.
Балықшылар қауымының әрбір сәті қашанда қарбаласқа толы екені әмбеге аян. Өңін күн қақтап, теңіз самалы тотықтырған шетінен мығым тұлғалы азаматтармен тілдесе қалсаңыз көңіліңізді мақтаныш лебі кернейді. Осынау қарапайым жандардың жігер – қайратына іштей сүйсініп «Теңіз жасық мінезді ұнатпайды» деген тәмсілді еріксіз мойындайсың. Қайда қарасаңызда жайдары көңіл, берекелі тірлікті байқайсыз.
Ауданда жылдық қуаттылығы 16400 мың тоннадан асатын 6 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасайды. Оларды арасында«Арал балық өңдеу зауыты», «Арал СДО», «Камбала балық», «СДО Қарашалаң» ЖШС-нің балық өңдеу зауыты балықты терең өңдесе, «Бөген СДО», «Қуаныш» шағын балық өңдеу зауыттары балықты қатыру, мұздату және ыстау сияқты жеңіл өңдеумен айналысады. Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін Еврокод белгісі «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС-гі балық өңдеу зауытында бар. Енді «Арал балық өңдеу зауыты» ЖШС-нің аяқ алысына қысқаша тоқтала кетсек. Аталмыш зауыт халықаралық стандартқа сай салынған. Серіктестіктің жылына 6000 тоннаға дейін балық өңдеуге мүмкіндігі бар. Зауыттың қуатты технологиялық жабдықтары балық филесін дайындауға арналған. Өндіріске қажетті балық кіші Арал теңізінен жеткізілуде. Ал "Арал сервистік дайындау орталығы" ЖШС-де сапасы жоғары өнім дайындалады. Бүгінгі таңда өңделетін балық көлемін арттыру үшін кәсіпорын ауқымын ұлғайтуды межелеуде. Арал теңізінің №10,12,14,15,17 учаскелері бекітіліп берілген іргелі ұжым зауыт өнімдерінің Еврокод белгісі алған. «Аста» ЖШС, «Бақыт» шаруа қожалығы болса Кіші теңізден балық аулаумен щұғылданады. Ауыл тұрғындарының басым бөлігі осы шаруашылықтарда маусымдық балық аулаумен айналысады. «Бақыт» шаруа қожалығы балық қабылдайтын мұздатқыш орталығын салғаны жайлы бұрын да жазған едік. Ауылдың бірқатар тұрғыны жұмыспен қамтылған осынау мұздатқыштың сыйымдылығы 50 тонна. Ағымдағы жылы балық қабылдау мұздатқышында біршама көлемде балықтың көксерке, торта, қылыш, жайын, ақмарқа, табан атты түрлері қабылданғанына тоқтала кетсек.
Қаратереңдегі «Қуаныш» ЖШС -де елуге тарта адам еңбек етеді. Қазіргі таңда 600 тонна балықты сыртқа шығаруға мүмкіншілігі жетеді. Кіші теңізде балықтың 22 түрі бар. Әсіресе көксерке балығы жиі кездеседі. Экспорт сұранысына сай тыран, сазан, торта, жайын балықтары аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі сатылымға шығарылып отырады. Балық кәсіпшілігінің қарқындауымен Қаратерең ауылының әлеуметтік-экономикалық ахуалы жоғары деңгейге көтерілді. «Тастақ» бөлімшесінде өткен ғасырдың орта шенінен бастап жұмыс жасайтын балық өсіру питомнигі орналасқан. Кіші Теңіздің қайта оралуына байланысты «Тастақ» питомнигіне жыл сайын 22 млн.ға жуық майда шабақтар өсіру жоспарға сәйкес жүктелген.
Иә, Аралдық ағайын ертеңгі күнге сеніммен қарайды.
Жұмабек Табынбаев,
Арал ауданы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |