"Қызылорда КВН" филиалының қолдауымен "Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ және Жалағаш ауданы жастарының "Темірқазық" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық жайдарман лигасының финалдық сайысы өтті. Сайыс қонағы ретінде "Қазақстан КВН Одағы" РЖҚБ Президенті Есен Елеукен, аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тәжмаханов қатысты. Финалдық кезеңге өткен 4 жайдарман тобы 3 кезең бойынша сынға түсті. Қазылар алқасында "Қызылорда КВН" филиалының директоры Ә.Басаров, ардагер жайдарманшы Б.Қалиев, "Серпін-2050" әлеуметтік жобасының үйлестірушісі Ж.Жақыпов, "Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ директоры Е.Бақбергенұлы, аудан жастарының "Темірқазық" ҚБ төрағасы Н.Пірназаров болды.
Ойын нәтижесінде І орынды №119 орта мектебінің "Бизнесмендер" тобы жеңіп алды. ІІ орынды Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің "Жүргенов жастары" тобы, ІІІ орынды №118 орта мектебінің "Таң жастары" жайдарман тобы иеленді. №201 мектеп-лицейінің "Алтын жігіттер" жайдарман тобы финалдық сайысқа қатысқаны үшін сертификат алды. Ал, "Үздік ойыншы" номинациясы "Бизнесмендер" жайдарман тобының ойыншысы Қонысбай Қуанышқа табысталды.