Қызылордада Мәжіліс депутаттарының қатысуымен «Нұр Отан» партиясы Сайлауалды бағдарламасының «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағытындағы республикалық комиссияның көшпелі отырысы өтті.
Сыр өңіріндегі сапары барысында Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы сайлауалды бағдарламасының «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағытындағы партиялық тәлімгері Майра Айсина бастаған республикалық комиссия мүшелері Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев,«Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының партиялық бақылау департаментінің директорыНұрлан Баймұрзаевтар алдымен өңірдегі «Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету» орталығында болып, мемлекеттік қызмет көрсету аясындағы жұмыстармен танысты.
Орталықта құжаттарды рәсімдеу үшін шамамен 60 инспектор жұмыс жасайды. Олардың қатарында ішкі істер және кірістербасқармаларының арнайы мамандары бар. Жүргізу куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыру процесі толығымен автоматтандырылған.Көліктерге арнайы зияткерлік автодром орнатылған.
-Орталықта күнделікті электрондық кезек тәртібімен 400-ден астам адамға қызмет көрсетіледі. Келуішілерге қолайлы болу үшін өзіне- өзі қызмет көрсету секторын аштық. Мұнда тұрғындар автомобильге сенімхатты тіркеукеуден бастап, жол қауіпсіздік ережелерінің айыппұлдарын, көлік салығы, жүргізуші куәлігін алу және ауыстыруға мемлекеттік баж салығын төлеу секілді барлық электрондық қызметтерді пайдалана алады»,- дейді орталық жұмысымен таныстырған «Азаматтарға арналған үкімет» МК" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Айнұр Тобаева.
Мұнан соң комиссия мүшелері «Казпочта» АҚ-ның филиалында болды.Онда почта қызметінде электрондық байланыс құралдарын дамытуымен қатар почталық жаңа байланыс қызметінің сапасын көтеруге, жаңа технологияларды енгізу және халыққа қазіргі заман талабына сай қызметтердің жаңа түрлерін, оған қоса агенттік және қаржы қызметтерін жүйелі жүзеге асыруға байланысты мәселелерді ортаға салды. Кездесу барысында «Казпочта» АҚ Қызылорда филиалының директоры Аида Абибуллаева почталық инфрақұрылымның жетілуі почта қызметтерінің сапалы көрсеткіштерін жақсартуға және олардың түрлерін, әсіресе ауылдық жерлерде кеңейтуге мүмкіндік туғызып отырғандығын атап өтті.
Мұнан соң облыстық партия филиалының ғимаратында арнайы сала мамандарының қатысуымен комиссияның көшпелі отырысы өтті. Онда мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы туралы мәселе қойылып, «Азаматтарға арналған үкімет» МК" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Айнұр Тобаева мен ҚР мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы БерікболБайхожаевтың баяндамалары тыңдалды.
Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, партиялық тәлімгер Майра Айсина, аймақта мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы атқарылып отырған жұмыстарға оң бағасын беріп, жұмысты жетілдіру қажеттігіне тоқталды.
-Мемлекет басшысы барлық мемлекеттік қызмет бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істеу керек деп үнемі айтып келеді. Яғни Қазақстан азаматтары мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуы тиіс. Бүгінгі таңда электронды қызмет түрлері дамып отырғандықтан, біздер кобинетте отыра бермей «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясын жұмысының тиімділігін ауылдық елді мекен тұрғындарына жеткізуіміз қежет»,- деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, партиялық тәлімгер Майра Айсина.
Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес атқарылған жұмыс нәтижелері мен алдағы орындалар міндеттер бойынша ұсыныстар жинақталып, тиісті мемлекеттік органдар мен Орталық партия аппаратына жолданатын болды.
Шынар БЕКБАН.