ЕРЕН ЕҢБЕК ЕЛЕНДІ

Кеше облыс әкімдігінде аймақтың жарқын жетістіктерін саралаған жиын өтті. Аталған шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, соңғы жылдары өңіріміздің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
– Биыл Астанада елімізді төрткүл дүниеге танытқан «ЭКСПО-2017» көрмесі өтті. Айтулы шараға 115 мемлекеттен 4 миллионға жуық турист қатысты. Үш айға созылған Халықаралық көрме аясында Астанада Қызылорда күндері өтіп, Сыр өнерпаздары елорда қонақтары мен халқына думанды көңіл-күй сыйлады. «Байқоңыр» мен «Қорқыт ата» кешені туристер көп келетін нысандарға айналды. Қызылорда облысы қазір қарқынды даму үстінде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сыр өңіріне сапары барысында Астанаға еліктеп бой түзеген аймақтағы жарқын жетістіктерге оң бағасын берді, – деді аймақ басшысы.
Шынында, аймақта ауыз толтырып айтарлық жетістіктер жеткілікті. Соңғы 4 жылда 12 шағын аудан бой көтерді. Сырдарияның сол жағалауынан жаңа қаланың құрылысы жүруде. Орта Азияда теңдесі жоқ шыны зауыты салынуда. Аралдың тіршілігі қайта жанданып, балық экспорты жолға қойылды. Ауыл шаруашылығында да толағай табыстар бар. Сыр халқы мұндай жарқын жетістіктерге толағай табыс пен берекелі бірліктің арқасында қол жеткізді.
Шара барысында аймақтың әлеуметтік, рухани дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды.

Азиз БАТЫРБЕКОВ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қазан 2017 г. 665 0