Латын қарпіндегі әліпбидің жаңа жобасы халықтың меңгеруіне қолайлы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынылған латын қарпіндегі әліпби жобасында қазақ тілінің үндестік заңдары ескерілген. Бұл туралы жаңа әліпби жобасына қатысты пікір білдірген «Социум-зерттеу» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алтынай Нұркеева мәлім етті, - деп жазады Қазақпарат.
«Қазақ тілін латын қарпіндегі әліпбиге көшіру қалың көпшіліктің қызу талқысына салынған игілікті бастамаға айналды. Осы күнге дейін баспасөз беттерінде қарапайым халықтан бастап, лингвист-ғалымдарға дейін өз пікірі мен ұсыныстарын жеткізіп келеді. Көптеген жобалармен таныс болдық», - дейді ол. Алтынай Нұркееваның пікірінше, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынылған жоба қарапайым халықтың ұғынуы мен меңгеруіне қолайлы. «Кеше Елбасымызға ұсынылған жоба - қарапайым халықтың ұғынуы мен меңгеруіне қолайлы, қазақ тілінің дыбыстық үндестік заңдарын ескерген нұсқа деп білемін. Сондықтан осы жоба қабылданса деген ұсынысымды білдіремін», - деп атап өтті қоғамдық бірлестік төрайымы.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қазан 2017 г. 496 0