« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше Мемлекет басшысына қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды. Елбасы осы бағыттағы жұмыстарды қолдайтынын жеткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде осыған байланысты жиын өтіп, филолог-ғалымдар мен тіл мамандары латын қарпіне көшудің ел болашағы үшін маңызды қадам екенін айтты. Филология ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Сәдуақасұлы, Бағдат Кәрібозов, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Аман Абасилов ой бөлісіп, жаңа әліпбиге көшу кемел келешекке бастайтын дара жол екенін алға тартты.
Кездесу қорытындысында тіл мамандары бірауыздан Елбасы саясатына қолдау білдіріп, латын әліпбиін қоғамға насихаттау жұмыстарына белсене атсалысатындарын жеткізді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |