СЫРҒА КЕЛДІҢ, НҰР-АҒА!

 


Ассалаумағалейкүм!

Бүтін билік иесі,

Өзіңізге ғана тиесі.

Бүгінде елеп, екшеп тұр,

Мынау ұлы даланың киесі.


Уа, құрметті Нұр-аға!

Мынау өзіңіз айтқан Сыр-Ана,

Дана да туған Ғұлама.

Үшқоңыр менен Байқоңыр,

Бабадан қалған мұраға.

Қазақтың егіз Қоңырын,

Бір ата туған, бір Ана.

Аңызды сол бір ел білер,

Басқасын менен сұрама.


Қазағым Қазақ болғалы,

Ұлы Қорқыт келген дүниеге,

Қазалымның қорғаны.

Сақтап та қалған өзіңіз,

Бөлініп кете жаздаған.

Киелі Қызылорданы.

Мекенге сол бір оралдың,

Арасын жалғап жол салдың.

Жезқазған менен Аралдың,

Сексеуілді бекеті.

Темірдің жолы емес ол,

Өмірдің жолы боларын.


Болжаған бәрін ақылмен,

Түсініп бәрін жатыр ел.

Бір Халық, бір Ел, бір Тағдыр,

Бір тілмен болар тату ел.

Жеке дара бір Сізді,

Қолбасшы деп таниды.

Осынау тұрған батыр ел.


Артыңда тұрған бұл халық,

Көкірегі жыр халық.

Елім деген Ерімбет,

Нұртуғандай дүр халық.

Орбұлақта Жалаңтөс.

Жауға шапса сұрланып,

Сартайдың батыр ұрпағы.

Күтіп тұр Сізді нұрланып.


Жат жерде жатқан бабамның,

Әйтеке асыл данамның.

Басын өзің қарайттың,

Әруағын сыйлап Анамның.


Сағынып күткен перзенттей,

Көк-Аралды толтырдың.

Бастаған істі оң қылдың,

Балыққа Халық қауышып.

Несібесін мол қылдың,

Қапшағай мен Балқашқа.

Үдере көшкен жұртымды,

Аралға қайта қондырдың.


Қобыздың тыңдап сарынын,

Оғыздың шыңдап қалыбын.

Қорқыттың тіккен қабірін,

Қара шаңыраққа қадаған,

Түркінің алтын қазығын.

Тәуелсіздігімнің таңы бұл,

Алты Алашымның ары бұл,

Ұмытпас елі ешқашан,

Нұрсұлтандай нар ұлын.


Үлектің ізін Нар басқан,

Қырандай көзін қан басқан.

Жанқожадан қалған Алдаспан,

Төбеде бұлтын ойнатып,

Ақтандай жауға жармасқан.

Ғанидай жалын жастарым,

Ертеңін елдің қамдасқан.


Алдында ант бергенбіз,

Антқа адал елденбіз.

Антын сатпас ерлерміз.

Сізге ғана берілген,

Мәңгі жауынгерлерміз.

Жағынуды білмейтін,

Шындық туған жерденбіз.


Сіз өзіңіз жасаған,

Мәңгілік Елмен біргеміз.

Сіздің де болар мәңгілік,

Осынау Елмен іргеңіз.

Тарихта қалар бүгінгі,

Жолбарыстай Сырға кеп.

Ұлы дала төсінде,

Өзіңіз басып жүрген із.


Жұмыр жердің жүрегі,

Дүрсілдеген жарыла.

Күткен Халқың сағына,

Дақ түсірмес арыңа.

Тағдыр өзі жаратқан,

Адамзаттың бағына.

Қош келдіңіз, Нұр-аға,

Сыр-Анаға – қазына!!!

Бақытбек СМАҒҰЛОВ,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қазан 2017 г. 719 0