Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев аймағымызға сапары барысында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы шығыстық үлгіде жаңғыруды көздеген жаңа қала жобасымен танысты.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Сырдария өзенінің сол жағалауынан бой көтеретін қала жайлы айтып, жүргізіліп жатқан құрылыстың маңызына тоқталды. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жобалық үлгі мен сызбалық нұсқаны пайдаланып, аталған аймаққа салынатын ғимараттар жайлы айтып өтті.
Елбасы сол жағалауда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, құрылысшылармен кездесті. Бұл жерде «Сәт-Сервис» ЖШС директоры Роза Иманова сөз сөйлеп, құрылысшылардың атынан ризашылығын білдірді. Ал, қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов «Болашақ» университетінің қалашығы салынатынын тілге тиек етті. Мемлекет басшысы Астана секілді сол жағалауға құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылысшыларға рахметін айтып, табысты болыңдар деген лебізін білдірді. Осындай жылы жүздесу барысында облыс басшысы Сыр елінің Астанадан үлгі алатынын жеткізді.