ЖАЗУШЫ СМАҒҰЛ ЕЛУБАЙ СЫР ӨҢІРІН АРАЛАДЫ

Өткен жексенбіде жазушы, кинодрамматург Смағұл Елубай Шиелі ауданында оқырмандармен кездесіп, ауданның көрікті жерлерін аралады. Арғашқы кездесу аудан әкімдігінде ұйымдастырылып, оны Шиелі ауданының әкімі Қайратбек Сәнсенбаев ашып жүргізіп отырды. 

 – Қазақ қоғамына белгілі қаламгер Смағұл Елубай –«Қазақфильм» киностудиясында шығармашылық жұмыстары арқылы және де «Парасат» журналының Бас редакторы, 1995 жылдан бастап Прагада, Американың «Азат Еуропа және Азаттық» радиосында қызметте болды.
Жазушының «Ойсыл Қара», «Саттар соқпағы», «Білте шамның жарығы», «Жарық дүние» хикаялар жинағы және «Ақ боз үй», «Мінәжат», «Жалған дүние» романдары көзі қарақты оқырмандарға жақсы таныс. Киносценариист ретіндегі еңбектері де бір төбе, мәселен, «Қызыл отау», «Өтелмеген парыз», «Ай астындағы үй», «Сұрапыл Сұржекей», «Батыр Баян», «Кек» көркемсуретті фильмдер сценарийінің авторы, – деп жазушының өміржолына шолу жасаған аудан басшысы қоғам қайраткеріне айналған жазушы шығармалары туралы қысқаша айтты. Сондай-ақ,
Смағұл Елубай шығармашылығының негізгі тақырыбы – қазақ халқының  кеңестік дәуірде бастан кешкен нәубетті кезеңдер. «Ақ боз үй», «Мінәжат» романдары ашаршылық, сталиндік қуғынс-сүргін жылдарын қамтығандығы айтылды.

Жиын барысында  құрметті қонақ өз жоспарлары туралы айта келе Сыр өңірінің жаңарып, жайнай түскендігіне, әр сала бойынша белгілі биіктікке  көтерілгендігіне сүйсінісін білдірді. «Кеше Арал ауданында болдым, экологиялық мәселесі бар ауданның жұрт ойлағандай жұпыны емес, белсенді тірлік кешіп жатқандығына куә болдым. Міне бүгін Шиелі ауданының жетістіктеріе көзіміз көрді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың іскерлік қабілетін жоғары бағалаған жазушы Елбасы атап көрсеткен рухани жаңғырудың дүмпуі елдегі жалпы ынтымақ пен ауызбірлікті бекітетін және де бәсекелістік қабілетті артыратындығын айта келе, өз жоспарына сай, кинокомедия түсіру мақсатында осы сапарының сәтті жалғасқандығына ризашылығын білдірді. Кездесу барысында жазушы Нұрмахан Елтай және бірқатар оқырмандар сауалдар қойып тиянақты жауаптар алды. Кезесуді қорытқан аудан әкімі Қ. Сәрсенбаев жазушығы шығармашылық табыс тілеп, ел атынан шапан жауып, сый-сияпат жасады.

Сол күні жазушы-драмматург Нартай ауылындағы Бекежанов мұражайы мен Еңбек Ері Шырынкүл Қазанбаеваға сәлем берді. Сондай-ақ, Ы. Жақаеы мұражайына соқты. Сығанақ қаласының археологиялық жұмыстарына қызығушылығын білдірген қаламгер Оқшы Ата кесенесіне соғып, зиярат етті. Мәртебелі қонақтың Шиелі ауданына сапары кезінде облыс әкімінің кеңесшісі А. Сағымбаева мен аудан әкімінің орынбасары А. Есмаханов бірге болды.

Н. Назымханұлы, 

Шиелі ауданы

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қазан 2017 г. 828 0