13 шақырымдық жылу желілері қайта жаңғыртылды

  Соңғы 5 жылда 8 млрд. теңгеден астам қаржыға, қаладағы 60 пайыз магистралды жылу желілері жаңартылды. Өткен жылы, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінген 997 млн. 178 мың теңгеге ұзындығы 13 шақырымды құрайтын жылу желілері қайта жаңғыртылды.

«Қызылордажылуэлектрорталығы» кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы аясында өз қаржысы есебінен 284 млн. 411 мың теңгеге станцияның жоғарғы қысымды құбырлары жөнделді. Бұл бағыттағы жұмыстар биылғы жылы да қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, Қызылорда қаласы бойынша жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы қалалық штаб құрылып, дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Биылғы жылға, жылу жүйелері мен қазандықтарды ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізуге 904 млн. 100 мың теңге қаралған. Оның ішінде жылу жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына 764 млн. 600 мың теңге Европалық қайта құру және даму банкі арқылы және кәсіпорынның өз қаражаты есебінен 139 млн. 500 мың теңге.

Қазіргі таңда, «Қызылордажылуэлектрорталығы» мекемесі тарапынан жоспарланған 11,3 шақырымның 10,2 шақырымына немесе 97 пайызына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді және «Европалық қайта құру және даму банкі» арқылы қаржыландырылатын 7,8 шақырымды құрайтын 4 жобаның жоба сметалық құжаттамалары әзірленуде (764,6 млн. теңге).

 Сондай-ақ, кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы есебінен бу қазандығына және қосалқы қондырғылардың жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда. Алдағы жылу маусымына кәсіпорынның резервінде отын қоры - мазут - 3 174 тонна, дизель - 142 тоннаны құрайды. Сонымен қатар, 84 білім (оның ішінде 54 мектеп, 1 кешкі мектеп, 3 қосымша білім беру ұйымы, 26 балабақша) және 33 мәдениет нысандарына қажетті 1 300 тонна қатты (көмір) және 2 500 тонна сұйық (дизель) отынмен қамтамасыз етуге бөлінген 341,2 млн. теңгеге (қатты отын – 16,7 млн. теңге, сұйық отын – 324,5 млн. теңге) бүгінгі таңда нысандарға отын қорын жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, білім саласы бойынша жергілікті бюджеттен 26,6 млн.теңге бөлініп, облыс орталығындағы 4 әлеуметтік нысандарға (№3, 5, 11, 23 орта мектептерге) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көпқабатты тұрғын үйлер бойынша қалада барлығы 768 көпқабатты тұрғын үйлер болса, оның ішінде орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы 654 көпқабатты және 372 жеке сектордағы тұрғын үйлер жылумен қамтамасыз етіледі. Қалған 114 көпқабатты тұрғын үйлер автономдық жылу көздерімен (пештік және газ отынымен) қамтамасыз етіледі. «Жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу» Ережесіне сәйкес орталықтандырылған жылуға қосылған немесе дербес қазандықтары бар барлық әлеуметтік және өндірістік нысандардан дайындық төлқұжаты ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін алынатын болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қыркүйек 2017 г. 490 0