ҚАЙДА БАРСАҢ ДА...

Халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фестивалі аясында Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының ұжымы көрерменге Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» пьесасын ұсынды.
Қорқыт – бүкіл түркі әлеміне ортақ, қазақ өркениетінде өзіндік орны бар тұлға. Оның мәңгілік өмірді, бақытты ғұмырды көксеп, желмаясымен дүниенің төрт бұрышын аралайтыны аңыздарда айтылады. Бірақ қайда барса да көр қазып жатқандарға тап болады. «Кімнің көрін қазып жатырсыңдар?» деп сұраса, олар «Қорқыттың көрі!» дегеннен әрі аспайды. Міне, осыдан кейін Қорқыттың ажалмен арпалысы басталады. Шын Құдай мен жалған «Құдайлардың» аражігін ажырата алмаған ол кейде тәңірден бас тартып, өмірден баз кешеді. Қанша қашса да, Әзірейілдің құрығынан қашып құтыла алмайды. Ертеректе жазылған шығарма болғанымен, бүгінгі күнмен үндестік тапқан.
Спектакльде Қорқыттың ролін Сырым Әбдіразақов, билеуші бекті Ұғым Баймаханов, Қорқыттың әйелі – Сарынның ролін Зәуре Көздібаева ойнады.

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қыркүйек 2017 г. 493 0