ТАРИХИ, МӘДЕНИ САБАҚТАСТЫҚ

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы 2011 жылдан бастап осы фестивальді өткізуге тікелей қатысып келеді. Басты мақсатымыз – түбі бір туысқан елдердің музыкасын дәріптеу. 

Қорқыт ата – Түркі халықтарының ортақ абызы, тұлғасы. Қазір әлемде оның аңыз және ақиқат бейнесі бар. Әр халықта Қорқыт туралы әңгімелердің түрлі нұсқасы сақталған. Соның ішінде қазақ халқының өзіндік ерекшелігі барын айта кеткен жөн. Мысалы, оның жерленген жері, сондай-ақ, күйлерінің шығу төркіні туралы аңыздар көптеп кездеседі. Алайда, барлығы мойындайтын бір ақиқат бар. Ол – абыздың Сыр бойында туғандығы. Міне осындай мәдени мұраға бай өңірде баршаның басын қосатын фестивальдің өтуі тарихи, мәдени сабақтастық деуге болады. Қызылорда облысы баба мұрасын дәріптеуді дәстүрлі шараға айналдырды.  


Асқар Тұрғанбаев, 
халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Қазақстандағы өкілі
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қыркүйек 2017 г. 634 0