ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ӘУЕНІ ҰЛЫҚТАЛАТЫН КҮН

Облысымызда «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі басталды. Айтулы шараға қатысатын қонақтарды қызылордалықтар «Қорқыт ата» әуежайынан салтанатты түрде күтіп алды.
Сыр еліне табан тіреген меймандар өнер фестиваліне жан-жақты дайындықпен келген. Башқұртстанның халық әртісі Ишморат Ильбаков өзінің сыбызғыда ойнайтынын, бұл шараға шақырту алғанына қуанышты екенін айтты. Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор,  қобызшы Базархан Қосбасаров түркі халықтары өнерпаздарының басын біріктіретін мұндай шараның маңызы жоғары екенін атап өтті.
Ұлы Далада сиқырлы сазды ұлықтайтын фестивальді облыс әкімдігі мен «ТҮРКСОЙ» ұйымы ұйымдастырған. Үш күн бойы өтетін халықаралық шараға он елден түрколог ғалымдар мен өнерпаздар қатысады.
А.ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қыркүйек 2017 г. 581 0