« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қаладағы Бейбарыс Сұлтан көшесінің Жібек жолынан Сырдария өзеніне дейінгі аралығында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл аралықта «Ақмешіт – Сырдария» мешіті, «Ана мен бала орталығы», көпқабатты үйлер, Білім-инновация лицейі, №264 Т.Есетов атындағы мектеп-лицейі, Назарбаев зияткерлік мектебі, облыстық әкімдік пен Шығармашылық үйі орналасқан. Бұған қоса облыстық архив бой көтерсе, «Форте банктің» ғимараты салынуда.
Мұндағы жөндеу жұмыстары басталғалы бері көпшіліктің көкейінде «қашан бітеді?» деген сауал жүрді. Біз жол салынып жатқан аймаққа барып, мәселенің мән-жайын біліп қайттық.
Қазіргі таңда бұл аймақтағы жұмыс тоқтаусыз атқарылуда. Жұмысшылар таңның атысынан, күннің батысына дейін осында. Жүк көліктері тас тасып, асфальт әкелсе, басқа техникалар соны төсеп, тегістеуде. Бұл жұмыстармен «Автомобиль жолдары басқармасы» ЖШС айналысуда. Учаске прорабы Самат Қарымсақов бізді қызықтырған мәселе бойынша мәлімет беріп, егжей-тегжейлі түсіндірді.
– Жібек жолынан Сырдария өзеніндегі көпірге дейінгі жол қайта жөнделіп, кеңейтіледі. Бұрын мұндағы жолдың ені 7 метр еді, алдағы уақытта 14 метр болады. Жаңғыртылатын жолдың жалпы ұзындығы 1708 метрді құрайды, – деді ол.
Мамандардың айтуынша, төрт жолақты етіп жасалатын жолдың қалыңдығы 82 сантиметрге дейін жетеді екен. Оның 30 сантиметріне ГПС, 25 сантиметріне ШПС төселеді. Одан кейін барып 12 сантиметр қалыңдықта қара шебін жайылса, оның беті 10 сантиметр асфальтпен тапталады. Содан кейін барып, ескі жол мен жаңа жолды біріктіру үшін қайтадан 5 сантиметр қиыршықты асфальтпен қапталады.
Бұл жұмыстарды атқаруға мұнда адам да, техника да жетеді. Атап айтқанда, бұл учаскеге 50 жұмысшы жұмылдырылып, 30 техникамен қамтылған. Белгіленген аймақтағы аялдамалар мен көшені жарықтандыратын бағаналар қайта қалпына келтіріледі. Сонымен бірге, екі су өткелі ұзартылады.
Аталған аймақ арқылы Наурыз елді мекеніне, Шымкент, Ақтөбе қалаларына шығуға болады. Өйткені, ол «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автобанына барып қосылады.
Бұл жолды қазан айында тапсыру көзделген. Сол кезде тұрғындар кеңейген, үлкейген, жаңғырған көшемен жүретін болады.
Азиз БАТЫРБЕКОВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |