« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жастық шақ. Албырт сезім. Махаббат машақаты. Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының ұжымы сахналаған Қанат Жүнісовтің «Ғашықтар хикаясы» комедиясы студенттік шақты көз алдымызға әкелді.
Театр актері мамандығын таңдаған төртеу. Төртеуі жатақхананың аядай бір бөлмесінде тұрады. Араларындағы біреуі ауылдан кеше ғана келген. «Балмұздақ». Әлгі тісқаққан үшеудің айтқанынан шыға алмайды. Шықса – «өлгені». Тұрсынбек, әйтеуір, «аға-көкелеп» амалын тауып жүреді.
Жоғарғы курста оқитын үшеудің екеуі екі қызға ғашық. Әуелгіде ыңғайға көне қоймау қыз біткеннін әдеті емес пе?! Олардың қалаға келген атақты балгерге барып, бал аштырғысы келіп жүргенін біліп, жігіттер балгерді өздері жалдаған үйге шақырады. Екеуі сүйгендерін көруге асығып жүр. Дастарқанды жайнатып жіберген. Бірақ... Қырсық дегенді қойсаңшы. Балгер жеме-жемге келгенде «келе алмайтын болдым» деп хабар береді. Енді қайтпек? Болашақ әртістер ғой. Оның да амалын тапты. Қос ғашықты қыздармен кездестірмек боп жүрген Дастанның өзі ойламаған жерден көріпкелге айналып шыға келеді. Қойылым ғашықтардың табысуымен аяқталды. Қол ұстасқан жұптар әуелеген әннің ырғағымен тербетіле билеп сахна шымылдығын жапты.
Жас актер-актрисалар жалындап тұр. Махаббат әндері мен билерін шеберлікпен орындап, көрерменді тәнті етті. Олардың кәсіби шеберлігі мен шынайылығы қойылымның әсерін арттыра түсті. Жас режиссер Ақтөре Оразалы, балетмейстер Маржан Әбішева бастаған топта Тоқтар Әжмұратов, Мөлдір Кенжәлі, Олжас Аманов, Бауыржан Ошақбаев секілді жастар труппасының мүшелері және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Үмігүлсім Бегімова өнер көрсетті.
Назерке САНИЯЗОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |