Қазақстан халқы тұңғыш премьер-министр Ұзақбай Қарамановпен қоштасты

Алматыда М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрында ҚазКСР тұңғыш Премьер-Министрі, белгілі мемлекеттік қайраткер Ұзақбай Қарамановты бақилық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Қаралы жиынға зиялы қауым өкілдері, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, министрлер, депутаттар қатысты, - деп жазады "Қазақпарат". 
 Қала әкімі Бауыржан Байбек марқұмның қазасы бүкіл қазақ қоғамының қабырғасына батқанын айта келіп, Президенттің жеделхатын оқып берді. «Ұзақбай Қараманұлы бүкіл ғұмырын халқы мен туған елінің өсіп-өркендеуіне арнады. Ол өзінің зор ұйымдастырушылық қабілеті мен қоғамдағы беделінің арқасында көптеген жоғары лауазымды мемлекеттік қызметте болып, өзіне жүктелген міндеттердің барлығын абыроймен атқара білді», - деді қала басшысы. Шаһар басшысы қазақстандықтар оның есімі мен ел алдындағы еңбегін әрдайым есте сақтайтынын әрі оның қазасы қазақ халқы үшін ауыр тигенін атап өтті. Айта кету керек, көрнекті қоғам қайраткері 25 қыркүйекте 80 жасына қараған шағында дүниеден озған болатын. 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қыркүйек 2017 г. 804 0