« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылорда, көркемім зер көңілді,
Мен сенің перзентіңмін бер қолыңды.
Жетейін даналыққа саған қарап,
Жеткізейін өлеңмен өрнегіңді.
Дидарың қызылшырай, қызыл екен,
Мен көрген шаһарлардың жүзіне тең.
Мекендеп сүлейлер мен баһадүрлер,
Тастапты тарихаттан ізіне кен.
Сен егер жалын болсаң, ұшқыныңмын,
Табымын суымайтын ыстығыңның.
Ешкім де таласа алмас егесісің,
Кеше, бүгін, ертеңнің – үш ғұмырдың.
Сен егер қанат болсаң, қауырсынмын,
Су тисе қанатыма ауырсындым.
Інжу, маржан, зүмірет саған олқы,
Мойныңа алқа болып тағылсын Күн.
Тұлғаңды зергерледі зер ғасырым,
Құламас алшы түскен енді асығым.
Алаштың анасы деп ардақтаған,
Сөзінен мың айналдым Елбасының.
Әлемнің жерұйығын табам деген,
Лүпілін жүрегімнің бағамдап ем.
...Жер шарын жеті мәрте сапарласам,
Айналып адаспастан саған келем.
Д.АЯШҰЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |