Қызылордада облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен "Тілі бірдің - тілегі бір" тақырыбында жастар форумы өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын насихаттап, облыстағы белсенді жастар мен мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт этнос жастарына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, үш тілді еркін меңгерген, өңірді республикаға танытып жүрген жастар қатысты. Жиын барысында бірқатар жастар еліміздің тіл саясатына байланысты пікір-ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар, Қызылорда музыкалық колледжінің 3-курс студенті Р.Рызманов форумға қатысушылардың облыс халқына Үндеуін оқыды. Сондай-ақ облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А. Қайруллаев бірқатар этно-мәдени бірлестік жастары мен тіл жанашырларын республикалық, облыстық дәрежедегі Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапаттады.