Бастама БҰҰ Даму Бағдарламасы және SAMSUNG компаниясының қолдауымен жүзеге асуда. Бүгінгі таңда, жылыжай шаруашылығындағы озық технологияларды енгізуге бағытталған «Nanum Village» бірлескен жобасының екінші сатысы басталды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким мәлімдеді.
«Облыс тұрғындары жобаның экологиялық және экономикалық жағынан тиімді тұстары көп. БҰҰ ДБ және SAMSUNG компаниясы арасында 2015 жылы 5 ауылдық жерде тамшылатып суару және жылыжай салу жобалары іске асқан болатын. Нәтижесінде 150 тұрғын үй шаруашылығы мен 18 әлеуметтік нысан өз учаскелерінде тамшылап суару технологияларын сәтті пайдаланды. Енді міне, олар екінші сатысын жүзеге асырмақ», - деді облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким.
Биыл Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш аудандары, Қызылорда қаласының №15 мектеп-гимназиясы мен Талсуат ауылдық округіндегі «Мүгедектерге арналған оңалту орталығында» 5 энерготиімді жылыжай құрылғысы орнатылды.
«Жылыжай пайдалы өнімдерді алу және қосымша табыс табу көзі ғана емес, оның оқу орындарында білім беруге әсері бар. Бала көкөністі егіп, күтіп баптағанда ұсақ моторикасы жетіліп, мидың қызметі жақсарады. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту үшін ерекше әсер етеді», - дейді Қазақстандағы БҰҰ ДБ-ның Қызылорда офисінің менеджері Баян Егізбаева
Жалпы, Samsung Electronics компаниясы IT-саласында әлемдік көшбасшы. Әлем бойынша көптеген әлеуметтік маңызды жобалардың бастамашысы. Компания Қазақстандағы өзекті мәселелерге да баса назар аударады. Samsung компаниясының бизнес-менеджері Hoon Kang: «Жобадан күтетін нәтижелеріміз зор. Ең басты мақсатымыз – энергияны және суды үнемдеудің тиімділіігн көрсету. Бұл ретте тәжірибеге енген жаңа технологияларымыздың халыққа пайдасы тиетініне сенімдеміз», - дейді.
Иә, енді қызылордалықтар енді қыс, көктем айларында арзан бағада, химиялық қоспаларсыз өсірілген жергілікті жерде өскен көкөніс өнімдерінің дәмін тата алады.