Терроризм актісі туралы жалған ақпарат тарату заңмензаңмен қудаланады. Биыл аймақта осындай 3 жағдай тіркелген. Қоғам тыныштығын бұзатын хабарламалар тек телефон емес, әлеуметтік желілер арқылы да тарайды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
«Биыл жедел басқару орталығына 3 қоңырау түсті. Олардыі жалған екені анықталып, тыныштықты бұзуға тырысқан азаматтар жауапкершілікке тартылды. Заң бойынша көрінеу жалған хабарлама бергендерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, оларға 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген», - деді ОІІД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуанышбек Уразов.
Баспасөз конференциясында облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Сағыныш Тастанов көпшілікті ақпаратты әсіресе, әлеуметтік желілердегі жаңалықтардың анық-қанығын зерттеп алуды ескертті. Яғни, азаматтар ақпараттың шынайылығына назар аударғаны жөн.