Қала күні мерекесі аясында бүгін «Көңілді жолаушы» атты қалаішілік қоғамдық көліктердегі қала өнерпаздарының жолаушылармен бірге ән айтуы шарасы өткізіледі.
Бұл шараны Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды. Сондай-ақ, дәл осы күні «Қызылорда – оқитын қала» атты әдеби автобус іс-шарасы, сонымен қатар Ы.Жақаев көшесіндегі «Үш кемеңгер» ескерткішінің жанында сағат 10.00-де «Кітап бульвары» атты кітаптар жәрмеңкесі және әдеби кеш өткізілетінін хабарлаймыз.