Алматыда ғалымдар академик Шахмардан Есеновтің 90 жылдығын атап өтті

Алматыда Қазақстанның геология ғылымында есімі Қаныш Сәтбаевтан кейін аталатын, академик, мемлекет қайраткері Шахмардан Есеновтің 90 жылдығына орай «Қазақстан минерагениясы» тақырыбында халықаралық конфенция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Ғылыми конференция Қ.И.Сәтбаев атындағы геология институтында өтті. Академик Ш.Есенов атындағы қор ұйымдастырған ғылыми жиынға 250-ге жуық ғалым келді. Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Австралия, Израиль сынды елдерден келген ғалымдар баяндама оқыса, жиынға келе алмаған оның замандастары бейнежазба арқылы естеліктерімен бөлісті. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда металлогендік карта, жер қазба байлықтарын іздеу, болжау тақырыбында 70 жуық баяндама жасалып, 104 ғылыми орталықтың өкілдері, 23 ғылым докторы, 50 ғылым кандидаты ғылыми жаңалықтарымен бөлісті. 
«Мен Шахмардан Есенов көзі тірісінде бастап кеткен ғылыми геологиялық ғылыми зертханаға жетекшілік етемін. Біздің ғылыми топ өндіріске барынша жақын. Мен Шахмардан Есенов бастап кеткен кестені баяндамамда оқыдым. Ол: ғылым, өндіріс, геологиялық табыс. Қазір мамандар тапшы, дегенмен бұл тәсілдің тиімділігін уақыт өзі дәлелдеп берген. Кен орнын табу ол геология ғылымымен тікелей байланысты. Менің институт қабырғасындағы 3 курсымнан бастап, мен Шахмардан Есеновтің жақсылығын көрдім. Ол өз ісінің шебері болса, адам ретінде де заңғар тұлға еді. Ол  басына қонған бақыт, абыройды соңына дейін кір түсірместен алып өтті», - дейді Қ.И.Сәтбаев атындағы геология ғылыми институтының ғалымы Элеонора Сейітмұратова.    


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қыркүйек 2017 г. 735 0