АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОПТЫҢ КЕЗДЕСУІ

Қазіргі таңда елімізде қазақ тілінің әліпбиін латын әліпбиіне көшіруге байланысты мәселелер кеңінен талқыланып жатқаны белгілі. Қазіргі таңда ауқымды жұмыстар басталып, облыс тұрғындарының арасында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруді насихаттайтын Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ақпараттық-насихаттық тобы құрылды. Топтың құрамында тіл мамандары, филолог ғалымдар, тіл орталықтарының оқытушылары мен тіл саясатын жүргізетін мемлекеттік қызметкерлер бар.
2017 жылғы 19 қыркүйекте сағат 15.00-де А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің көрермендер залында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруді насихаттайтын ақпараттық-насихаттық топтың қоғам өкілдері арасындағы түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.
Ақпараттық-насихаттық топтың жұмыстарын Қызылорда қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Г.Романқұлова үйлестіріп, жүргізіп отырды.
Ғалымдардан, тіл мамандарынан, білім саласының мамандарынан құралған ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты А.Абасилов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Б.Боранбай, Қызылорда облыстық білім басқармасына қарасты Оқу-әдістемелік орталығы орта білім бөлімінің меңгерушісі Г.Смағұлова жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары, студенттері, қала жастары алдында латын графикасын көшудің маңыздылығына тоқталды. Филолог ғалымдар қазақ тілін латын графикасына көшірудің ұтымды тұстары мен қол жеткізер жетістіктері жайлы ұғынықты етіп түсіндіріп, қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің мәселелерін атап өтті.
Ғалымдардың пікірлерінен соң іс-шараға қатысушылар көкейде жүрген ойлары мен ұсыныстарын білдіріп, сұрақтар қойды.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қыркүйек 2017 г. 585 0