« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылордалық пошташылар күніне 300 бен 600-дің шамасындағы үйге газет-журнал, хат-хабар жеткізеді. Олар таңғы сағат 5-те шығып кеткеннен кешке бір-ақ қайтады. Ал күніне 68 мыңға жуық адреске сәлемдеме келеді екен.
«Қазпошта» АҚ-ның облыстық филиалы ұйымдастырған баспасөз турында филиал директоры Аида Әбибуллаева күннің аптабы мен ызғарына қарамай табанынан таусылып үй аралайтын пошташылардың еңбегін атап өтті. Ұлттық компанияның соңғы кезде қызмет ауқымы кеңейе түскен. Облыста 190-ға жуық өндірістік нысан жұмыс істесе, соның көбі – шалғай ауыл-аймақтарда. Олар автоматтандырылған, ауыл халқы үшін ыңғайлы. «Қазпошта» пошталық әрі қаржылық қызмет түрлерін көрсетеді. Мысалы, кейбір банктер арқылы несие береді, шетелдік интернет дүкендеріне тапсырыс қабылдайды. Депозитіңізді толықтыра, көлігіңізді сақтандыра аласыз.
Бүгінде облыста 10 банкомат жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін бұл тізім тағы 14-імен толығады. Қаржылық қызмет түрлерінің ішінде халық негізінен зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы, еңбекақы төлемін жүзеге асырады. Сол себепті ауылдық бөлімшелерде Post-терминал құрылғылары орнатылған. Аудан орталықтарында, елді мекендерде екінші деңгейлі банктер жоқ. Жұрт несие алығысы келеді. Не істемек керек? Оның оңай жолы бар. Пошта бөлімшелері арқылы төмен пайызбен несие алуға мүмкіндік жасалып отыр. Компания шығаратын «Visa» халықаралық төлем карточкаларына сұраныс күн өткен сайын артып келеді.
– Биыл үздік технологиялармен жабдықталған жаңа форматты бірнеше бөлімше ашылды. Сөйтіп, сәлемдеме қабылдау-жөнелту уақыты 2-3 минутқа дейін қысқарды. Супермаркеттер арқылы берілетін сәлемдемелер саны екі есе артты. Тағы бірнеше пошта байланыс бөлімшесі модернизациядан өтті, – деді филиал басшысы.
Ендігі жаңалық, алда-жалда алыстағы жақыныңызға ақша керек бола қалса, «Қазпоштаға» жүгіне аласыз. Ол үшін «Beeline» компаниясымен келісім жасалған. Ақшадан тарыққан ағайыныңызға осы желі ішінде бір нөмірден екінші нөмірге 100 мың теңгеге дейінгі аралықта бірлік салсаңыз, ол өзі тұратын жердегі бөлімшеге барып, оны ақшаға айналдырып, қолма-қол ала алады.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |