Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өтіп жатқан баспасөз конференциясы барысында теңге бағамының ауытқуына алғышарттардың жоқ екенін айтты, -
деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Журналистер Президенттнн "Күзде девальвация болуы мүмкін бе?" деген сұрақ қойды. "Бұл өсек-аяң, болжамдар. Ешқандай алғышарттары жоқ. Тенге бағамының еркін айналымы ол дұрыс. Әйтпесе, мемлекеттің ақшасын жұмсауға тура келеді. Мұнай барреліне 135 доллардан 40 долларға түссе, әрине, рубль де, теңге де құлдырайды. Бүгінде мұның алғышарттары жоқ. Мұнай қазір барреліне 52-55 доллар, тұрақты. Ол әлі өзгеріп тұрады, адамдар да соған үйренеді", - деді Президент.